29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖҚС-тарда дизель отынының бағасы төмендетілді

3 наурыз 2017 Қаралым: 3 965 Авто,  Көлік
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖҚС-тарда дизель отынының бағасы төмендетілді

Алматы. 3 наурыз. Ақпараттар орталығы. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖҚС-тарда дизель отынының бағасы төмендетілді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС баспасөз қызметінен.

«ҚазМұнайГаз» бөлшек сауда желісі нарықтық баға белгілеу және тұрақты жетілдіру принциптерін негізге ала отырып, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС дизель отынының бөлшек сауда бағасын литріне 128 теңгеге дейін төмендеткендігін хабарлайды", — делінген хабарда. 

Хабарда айтылғандай, қазіргі уақытта аталған бағаны төмендету қорлар туралы ақпараттың нәтижесіне байланысты мүмкін болып отыр және бұл отын түрін тұтынудың маусымдық факторын да ескеріп отыр.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС нарықтағы ағымдық жағдайға әрдайым талдау жасауды, ішкі және сыртқы факторлар мен болжамдарды, шығындарды оңтайландыруды негізге ала отырып, өз тұтынушыларының мүдделерін қанағаттандыру мен баға белгілеудің ашық саясатын жүргізеді", — деп атап өтті компаниядан.

Сонымен бірге, өндіру және тұтыну көлемінің, қор серпіні, ҚР нарығында көтерме бағаның өзгеруі мен РФ импорты, оның ішінде фискалдық саясатпен байланысты болуы алдағы уақытта бөлшек сауда бағасының өзгеруіне, яғни мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне бағаны көтеру жағына әсер етуі мүмкін.

Тағы оқыңыз