ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің жаңа төрағасы сайланды
Алматы. 26 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Әділ Қожықов ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Әділ Ғалымжанұлы Қожықов ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы болып сайланды", — делінген хабарда.
Ә.Ғ. Қожықов 1978, жылы туылған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тамамдаған.
Өзінің еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінде ғылыми қызметкер болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясат және талдау орталығында жұмыс істеген.
2016 жылғы қазан-желтоқсан аралығында – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі.


