29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР премьері шенеуніктерге босаңсуға болмайтынын айтты

18 шілде 2017 Қаралым: 2 368 Саясат
primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Алматы. 18 шілде. Ақпараттар орталығы. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев орталық және жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне босаңсуға болмайтынын айтты, деп жазады ҚазТАГ.

«Статистикалық мәліметтер көрсеткіші жаман емес. Бұл ортақ жұмысымыз, Елбасының тапсырмасын орталық, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар бірлесіп атқардық. Өсім жоғарыда атап өтілгендей 4,2 процент болды. Дегенмен, негізгі жұмыстарды екінші жартыжылдықта атқаруға тура келеді. Біз дәл осы қарқынды ұстап тұруға тиіспіз. Сондықтан босаңсуға болмайды, ары қарай барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар экономика салаларындағы өсімді қамтамасыз етіп, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жүйелі шараларды жүзеге асыруды жалғастырулары керек», - Б. Сағынтаев сейсенбідегі үкімет отырысында.

«Сондай-ақ, бюджет қаражатының шығыс бөлігі бойынша мониторинг жүргізу керек. Біз көріп отырғандай, қалып қойғандар бар», - деді ол.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз