26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР Қорғаныс министрі Ақтауда бірінші әскери пирсті ашты

9 желтоқсан 2016 Қаралым: 2 920 Көлік
ҚР Қорғаныс министрі Ақтауда бірінші әскери пирсті ашты

Алматы. 9 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Ақтауда қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінің орналасуы үшін пирстің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі.  

Пирс бірден оннан аса корабльдің тұрақтау мүмкіншілігімен Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағында орналасқан.

Корабльдердің жеке орналасу пунктінің болуы Каспий теңізінің қазақстандық секторында ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

"Жеткілікті инфрақұрылымы бар жеке пирстің құрылуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін техникалық әзірлікте ұстау, қойылған тапсырмаларды шешу кезінде қысқа мерзімде олардың жауынгерлік қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіру үшін аса маңызды жағдай болып табылады", — деп атап өтті министр.

Одан басқа, Ақтау гарнизонына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі батыс бағытында әскерлердің өзіндік жеткілікті топтамасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық құралдарға арналған сақтау орындарын қамтитын батыс бағытындағы Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасының құрылыс барысымен егжей-тегжейлі танысты. 

Тағы оқыңыз