26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР ұлттық экономика вице-министрі ауыстырылды

19 қаңтар 2017 Қаралым: 1 864 Саясат,  Назначения
matritca.kz
Фото: matritca.kz

Алматы. 19 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Серік Жұманғарин Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

"Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа вице-министр Серік Жұманғаринді таныстырды", — деп атап өтті баспасөз қызметінен. 

Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетті басқарды.

Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, Өңірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды, республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.

Айдар Әріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Тағы оқыңыз