29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қызылордадағы жаңа мөлтек аудан Назарбаевтың құрметіне аталады

13 желтоқсан 2016 Қаралым: 3 626 Мәдениет,  Саясат
Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Алматы. 13 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Қызылордадағы жаңа мөлтек аудан Қазақстан президентінің құрметіне «Нұр Отан» деп аталады, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталынан.   

Бұл туралы Қызылордада облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында белгілі болды.  Самұрат Имандосов облыстық қоғамдық кеңес отырысында Елбасы алғашқы құрылысына куә болған Қызылордадағы жаңа мөлтек ауданға «Нұр Орда» атауын беру туралы ұсыныстың бірауыздан қолдау тапқандығын жеткізді.

"Арқа төсінде ажарланған Астанаға қарап бой түзейтін, жаңа кезеңнің, жаңа дәуірдің, жаңа сәулеттің  жасампаз көрінісі болатын жаңа мөлтек ауданға «Нұр-Орда» атауы әбден лайықты деп есептейміз ", — деді Имандосов.

Сондай-ақ, ол Арал аудандық қоғамдық кеңесі аймақ жұртшылығы мен облыстық мәслихат депутаттарына Арал қаласында Елбасы ескерткішін орнату туралы ұсынсы енгізгенін де айтты.

"Шешуші кезеңде Сыр халқына сенім артып, ата қоныста қалуы үшін қиын-қыстау, алмағайып заманға қарамай Алаштың Анасына балап, қолдау көрсеткен  Елбасының еңбегі қандай да құрметке лайық. Арал теңізі проблемаларын шешудегі ерен ерлігі мен еңбегін ескере отырып, облыстың қоғамдық кеңесі, «Қазақстан-2050» Демократиялық күштері облыстық коалициясы, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, азаматтық қоғам институттары бірлесе отырып, Арал қаласында Елбасының еңселі ескерткішін орнату жөніндегі Арал халқының ұсынысын бірауыздан қолдайды", — деп мәлім етті кеңес төрағасы.  

Тағы оқыңыз