Рақымшылыққа байланысты Серік Ахметовтың жазасы қысқартылды
Алматы. 19 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметовтың жаза мерзімін рақымшылыққа байланысты қысқартты, деп жазады «ҚазАқпарат» ХАА.
"Қазақстан Республикасына 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңын қабылдауға байланысты Абай аудандық Қарабас кентінің АК-159/18 мекемесі Аба аудандық сотына жүгініп Серік Ахметовқа қатысты өтелмеген жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс берді. (...) Бүгін аталған ұсыныс қаралып, Абай соты оны қанағаттандырды", — деді Абай аудандық сотының БАҚ-тармен жұмысты үйлестірушісі Ардақ Жұмашев.
Сөйтіп, С. Ахметовке өтелмеген жаза мерзімі 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқартылды.
Сот қаулысы күшіне енген жоқ және апелляциялық сатыда арыздануға жатады.
Басылым еске салғандай, 2015 жылы 11 желтоқсанда Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі маманданджырылған ауданаралық соты ҚР бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовты 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Одан басқа, сот үкімімен Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталды. Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов пен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ бұрынғы қызметкері Г. Матаевты сот әрқайсысын 3 жылдан бас бостандығынан айырды.
Қарағанды облысының бұрынғы жоғарғы лауазымды шенеуніктеріне қатысты тергеу амалдары 2014 жылы басталған. Іс бойынша 20 күдікті өткен.
Тергеу тұжырымы бойынша, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер кірген топ сыбайлас жемқорлық қылмыстар легін жасаған. Оларға ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру, лауазымды өкілеттерін кері пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, құжаттарды жалған жасау айыптары тағылуда.
Кейін, 2016 жылғы наурызда бұрынғы премьер-министр С. Ахметовке жаза мерзімін 10 жылдан 8 жылға қысқартты. Аппеляциялық сатыда Т2,2 млрд шығын мөлшерін С. Ахметовтың туыстары мен достары толғымен өтегенін ескерді. Одан басқа, жаза Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке 5 жылдан 3 жылға; Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловке – 3 жылдан 2 жылға жұмсартылды.
Дереккөз: МИА "Казинформ"


