Сағынтаев әкімдерден баға өсімін болдырмау бойынша бақылауды күшейтуді талап етті
Алматы. 20 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. Премьер-Министр Үкімет отырысы барысында әкімдерден әлеуметтік маңызы бар тауарларға және дәрі-дәрмектерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
«Бірінші кезектегі қажетті өнімдердің және дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі айрықша бақылауда болуы тиіс және бағалардың ауытқуы болған жағдайда дер кезінде әрекет ету керек», – деді премьер-министр.
Ол, сондай-ақ бағаға әсер етудің заңды тетіктері мен құралдары қазіргі таңда бар болғанмен, олар ылғи да жұмыс істемейтінін баса айтты.
«Нәтижесінде қандай да бір өңірде азық-түліктің жекелеген түрлеріне үнемі бағаның күрт өсуі орын алады. Бұл жер-жерлердегі әкімдердің бақылауының әлсіздігін және бар тетіктерді толық пайдаланбайтындығын көрсетеді», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Статистика ақпарынша, ағымдағы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында қант бағасы 23%, қарақұмық 31%, тұз – 22%, сиыр еті – 12%, жуа – 15%, қара шай – 24% қымбаттаған.
Басқа өңірлерммен салыстырғанда нан бағасы өскен – 45% (ҚР бойынша – 17%), сәбіз – 19% (ҚР бойынша – 6%).
Батыс Қазақстан облысында қарақұмық бағасы 53%, шемішкі май – 12%, нан - 16%, қызылша – 11%, қара шай – 24% өскен.
Басқа өңірлермен салыстырғанда бірінші сұрыпты ұн бағасы өскен – 26%, қант – 29%, сиыр еті – 15% өскен.
АШМ ақпарынша, БҚО бойынша 2015 жылдың тамыз айынан батсап 2016 жылдың тамыз айы аралығында тұрақтандыру қоры бар болғаны 100 тонна азық –түлік сатып алып, 60 тоннасын сатқан. Бұл ретте тұрақтандыру қорларының шоттары мен екінші деңгейлі банктер депозиттерінде 350 млн теңге бар.
Жамбыл облысында азық-түліктің тоғыз түрі бойынша баға өсімі тіркелген. Басқа өңірлерге қарағанда мұнда қант пен картоп бағасы өскен. Жыл басынан бері облыста қарақұмық 51%-ға, сұлы жармасы – 13%, нан – 14%, тұз – 12%, құс еті – 13%, ірімшік – 10%, шай – 16% өскен.
Сондай-ақ, басқа өңірлермен салыстырғанда қант - 30%, картоп – 21% қымбат.
Астанада жыл басынан бері қант бағасы - 28%, арпа жармасы – 27%, қарақұмық жармасы – 32%, бидай ұнынан жасалған нан – 32%, тұз – 17%, сиыр еті – 11%, құс еті – 13%, жуа – 10%, кеспе – 16%, спрэд майы – 11%, шәй – 34% қымбат.
Сондай-ақ басқа өңірлермен салыстырғанда сұлы жармасы – 37%, ұнтақ жарма – 25%, вермишель – 24%, түтік кеспе – 27%, шемішкі май – 19% қымбат.
Алматыда қант бағасы - 26%, арпа жармасы – 23%, сұлы жармасы – 19%, ұнтақ жарма – 23%, вермишель – 16%, кеспе – 19%, түтік кеспе – 16%, тауық саны – 11%, шемішкі майы – 12%, бидай наны – 14%, тұз – 18%, сары май – 10%, қара шай – 12%.
Сонымен қатар басқа өңірлермен салыстырғанда қарақұмық жармасы – 81%, бидай жармасы – 17%, спрэд майы – 19% қымбаттаған.