Сағынтаев өңірлердегі бюджет қаражатының игерілмеуіне көңілі толмады
Астана. 14 ақпан. Ақпараттар орталығы. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевты 2016 жылы өңірлердегі бюджет қаражаттарының игерілмеуі туралы әкімдердің есебі таң қалдырды, деп хабарлады ҚазТАГ.
Атап айтсақ, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің баяндамасы Б.Сағынтаевтың ашуын тудырды. Өңір басшысы 2016 жылы Т900 млн игерілмеуінің себебі тарсферттің жыл аяғында түсуі мен тендердің кеш өтуі деп мәлім етті.
«Мен сіздің қабылдауыңызда болдым, ақша кеш түсті деп айттым . (…) Мен сізге жыл басында деп өтіндім, сіз қолдадыңыз, бірақ ақпанда да, наурызда да ақша түспеді», - деді С. Кулагин.
«Әкімдердің есебіне қарасақ – менің түсінуімше, оған мен кінәлі екенмін (республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін қаржының игерілмеуіне – ҚазТАГ)? Себебі сіздер маған (игере алмайтындарыңыз жайлы – ҚазТАГ) айтқансыздар, баяндағансыздар, ал мен соны қайтадан сұрап отырмын ғо сонда», - деді Б.Сағынтаев сейсенбідегі үкімет отырысы барысында.
Осыған байланысты премьер әкімдерге егер қаржыны игере алмаса бюджеттен қосымша трансферт сұрамауларын айтты. Сонымен қатар ол өңірлерге жыл соңында қаржы бөлмеу тәжірибесін енгізуді ұсынды.
«Тұрғындар үшін тендерлердің уақытылы өтпеуі маңызды емес. Маңыздысы, ақша бөлінген, бірақ игерілмеген, халық сапалы қызмет ала алмай отыр – бұл дұрыс емес. Алдын-ала тендердің болмайтынын білетін болсақ, неге жыл соңында 1 млрд теңге бөлеміз. Одан да жал басына қалдырайық», - деді үкімет басшысы.
Дереккөз: КазТАГ


