Алты ғалым Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі болып сайланды
Алматы. 26 маусым. Ақпараттар орталығы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Академия академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:
«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):
– Акшулаков Серик Куандыкович – профессор, нейрохирургия саласындағы жетекші ғалым, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы;
- Локшин Вячеслав Нотанович – профессор, көмекші репродуктивті технология саласындағы жетекші ғалым, «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жетекшісі;
«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):
– Здоровец Максим Владимирович – профессор, радиациялық материалтану, мембраналық технологиялар және нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым, ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК Астана филиалының директоры;
- Рамазанов Тлеккабул Сабитович – профессор, плазма физикасы және плазмалық нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ;
- Сураган Дурвудхан – қауымдастырылған профессор, математика саласындағы жетекші ғалым, «Назарбаев Университеті» ДББҰ;
- Туруспеков Ерлан Кенесбекович – профессор, өсімдіктер генетикасы саласындағы жетекші ғалым, ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.


