Ғалымдар жергілікті материалдарды пайдаланудың жаңа технологиясын жасады
29 Сентября 2021
1321
Наука
Фото:Inbusiness.kz
Алматы. 29 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Құрылыс материалдар өнеркәсібі кез келген ел экономикасының ірі құрамдас бөлігі екені рас. Бүгінгі таңда тек біздің елімізде ғана емес, әлем бойынша құрылыс материалдары индустриясы белсенді дамуда, деп хабарлайды Aiqyn.
Еліміздегі «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарында да құрылыс саласында жергілікті материалдарға басымдық беру көзделген. Сонымен қатар құрылыс саласының қарқынды өсуі «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары, Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде ауқымды инвестициялармен, ірі әлеуметтік-мәдени іс-шараларды іске асырумен негізделген.
Осы орайда қажетті құқықтық база құрылып, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларға қазақстандық құрылыс материалдарын қолдану міндеттелген. Бұл жол құрылысы саласында отандық материалдарды импорттық материалдарға негізсіз ауыстыруды азайтады. Ал, енді бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін құрылыс материалдары өндірісінің қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі деуге болады.
Соңғы жалдары Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты осындай басымдық берілген бағыттар бойынша жаңа технологияларды ұсыну мен қолданысқа енгізу бойынша ізденістар үстінде.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты биыл қолға алған жаңа технологиялардың бірі жол төсемесі құрылымында пайдаланылатын, нақтылап айтқанда жолдың негізгі қабаттарында қолданылатын табиғи беріктігі төмен тас материалдардың тұрақтылығын арттыру. Мысалы, Қазақстанның көптеген өңірлерінде, әсіресе батыс өңірлерінде құрылымы кеуек болып келетін, беріктігі төмен табиғи материалдар бар, мысалы: әктас, ұлутас дегендер.
Табиғатта минералдар ешқашан табиғи күйінде кездеспейді, олардың қоспалары кездеседі. Сондықтан негізгі материалдар мен тастардың өзін химиялық құрамына қарап: қышқыл тас материалдар және негіздік тас материалдар деп бөлеміз. Негіздік тас материалдардың барлығының беріктігі жаңағы бірінші топтағы материалдарға қарағанда төмен, кеуектігі жоғары болады. Мәселен, жол төсемесінің негізіне, яғни топырақтың үстіне салғанда ылғалды сіңіріп алып, қыста қатқан кезде бұзыла бастайды. Атап айтқанда циклдық тоңу-еру процесі кезінде тез бұзылады.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының президенті, профессор Бағдат Телтаев осы жол құрылымына зиянды процестің алдын алатын жаңа технология жасап жатқандарын мәлімдеді.
– Біздің қазіргі жаңа технологиямыздың бірі – жол құрылысына қолданылатын кеуек тастың әр түйіршігіне ылғал кіргізбеу, яғни сыртына изоляциялық қабат жасау. Осындай ғылыми зерттеумен химия ғылымдары мамандарымен бірігіп айналысып жатырмыз. Осы изолоциялық қабат жасаудың екі әдісін, яғни екі құрамын таптық. Сол екі құрам да алғашқы зертханалық зерттеулер кезінде оң нәтиже берді. Алдағы уақытта осы әдісті жартылай өндірістік жағдайда тас материалдарды химиялық қоспамен, құраммен өңдеу жұмыстарын қолға аламыз. Сонымен қатар, осы жаңа технологияның өміршеңдігін дәлелдеу мақсатында тәжрибелік жол телімін салуға ниеттеніп отырмыз. Салынған тәжрибелік жол теліміне біздің ғалымдар мониторинг жүргізіп, қажетті ұсыным жасайтын боламыз, – дейді институт басшысы.
Сондай –ақ, жаңашыл ғалым Бағдат Телтаев бұл технологияның экономикалық тиімділігіне тоқталып өтті.
– Бұл технология экономикалық жағынан өте тиімді, оны әсіресе, жергілікті жолдарда көптеп қолдануға болады. Мысалы Батыс Қазақстан аймағын алатын болсақ, Ақтөбе облысындағы Бершігүрде орналасқан карьерден басқа еш жерде беріктігі жоғары тас материалдар жоқ. Неге Маңғыстаудағы әк тастарды жол құрылысына қолданбасқа? Біріншіден, тасымалдау шығындары азаяды. Екіншіден, қымбат тсымал материалдарға деген тәуелділіктен арыламыз, – дейді ғалым.
Кез келген құрылысты салу кезіндегі экономикалық тиімділік көбінесе құрылыс материалдарын дұрыс қолдану мен таңдауға байланысты, ал оны алыстан арбаламай, жергілікті материалдарға ауыстыру – күн тәртібіндегі мәселелердің бірегейі.
Жалпы жол саласында жергілікті материалдарда қолдану – ел экономикасына оң әсер ететіні сөзсіз. Отандық ғалымдар ойлап тапқан жаңа технология өндірісте қолданысқа енгізілсе, жол саласындағы негізгі мәселелердің бірі шешілетініне сенім білдіруге болады.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




