26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ШҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

5 сәуір 2021 Қаралым: 1 441 Назначения
ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 5 сәуір. Ақпараттар орталығы  -  Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Ермек Омарбеков тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық Ана мен бала орталығының директоры қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ермек Сембайұлы 1968 жылы 16 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Педиатрия және қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1993 жылы Үлкен Нарын аудандық ауруханасында педиатр-дәрігер болып бастаған. 1996 жылдан 1999 жылға дейін Катонқарағай аудандық міндетті медициналық сақтандыру филиалының директоры болды. Әрі қарай Катонқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері және бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарды. 2005 жылға дейін Катонқарағай аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымында еңбек етті. 2005 жылдан бастап Катонқарағай ауданының «№1 медициналық бірлестігі» КМҚК бас дәрігері, кейіннен директоры болды. 2010 жылдан бастап Өскемен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2014 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасына бас дәрігер болып тағайындалды. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығының директоры болып жұмыс істеген.


 

 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Тағы оқыңыз