Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі Астанадағы кезекті кездесу 10 шілдеде өтеді
Алматы. 19 маусым. Ақпараттар орталығы. Сирия жөніндегі Астанадағы кезекті кездесу 10 шілдеде өтеді, деп хабарлады ТАСС.
«Сирия жөніндегі Астанадағы кезекті кездесу 10 шілдеде өтеді. Оған БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистура қатысады», - деді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров БРИКС елдерінің СІМ министрлерінің кездесуінен соң.
Оның айтуынша, «дәл осы кездесуде тараптар деэскалация аймақтарында орнауы тиісті режимнің нақты параметрлерін аяқтауды уағдаласты».
Одан басқа, С. Лавтров Астанада 4 мамырда қабылданған меморандумда кепіл мемлекеттер (РФ, Түркия, Иран) осы процеске үшінші тараптың қосылуын құптайтындығы туралы ереже барлығын еске салды.
Бұдан бұрын айтылғандай, Сирия дағдарысын реттеу бойынша кезекті кездесу шілденің 4-5-терінде болар деп күтілген.
Дереккөз: ТАСС


