Үш тәулікте теміржол бойынан 30 мың текше метр қар сыртқа шығарылды
Алматы. 24 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда өткен демалыста теміржол жолдарынан 30 мыңнан астам текше метр қар сыртқа шығарылды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
Ақпар бойынша, өткен 20-20 қаңтар аралығындағы үш тәулікте ғана қардан 12 мың шақырым темір жол бойлары аршылды. 30 мың тоннадан астам қар сыртқа шығарылды.
"Бұған жол шаруашылығынан 7 мың еңбеккер тартылса, олардың қатарында темір жолдың басқа саласынан көмекке келушілер көп. Қар аршу және қар тазалау 200-ге жуық арнайы техникалар тартылған", — делінген мәтінде.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының атқарушы директоры Бауыржан Уәлидің айтуынша, барлық қар тазалау жұмыстарына тартылған еңбеккерлер мен қар тазалау техникаларының елу пайызына жуығы Ақмола мен Ақтөбе магистральдық желісіне жатады.

