29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанада ЭКСПО-2017 бойынша мобильді гид жұмыс жасайды

14 шілде 2016 Қаралым: 2 582 Саясат,  Әлемде
prokuror.gov.kz
Фото: prokuror.gov.kz

Алматы. 14 шілде. Ақпараттар орталығы. "ЭКСПО-2017 мобильді қосымшасы. Сіздің қауіпсіздік анықтамалығыңыз» келушілер үшін халықаралық көрме туралы қажетті ақпаратты береді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.  

Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов Астанада ЭКСПО өткізуге арналған заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім етті.

"Астананы таңдау – бұл Қазақстанға және ең алдымен біздің Президентімізге деген жоғары сенімнің белгісі. Мұндай дәрежедегі іс-шараларды заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып жоспарлау қажет. Бұл біздің құқық қорғау жүйеміз үшін маңызды сын болмақ. Қауіпсіздік деңгейінен тек көрменің сәтті өтуі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің имиджі де тәуелді болмақ", — деп атап өтті Асанов.

Ведомство басшысы елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи жүйесін қалыптастыру қажет екенін айтты. Соның ішінде тексеруден өткен сенімді қауіпсіздік жүйелерін енгізу, смарт-технологиялар мен IT-шешімдерді кеңінен пайдалану ұсынылды.

"ЭКСПО-2017". Сіздің қауіпсіздік анықтамалығыңыз» атты мобильдік қосымша қауіпсіздік құралдарының бірі ретінде болуы мүмкін. Мұнда жол сызбасынан бастап жедел қызметтердің шұғыл желі телефондары мен дереу кері байланыс каналына дейінгі ЭКСПО-ға қатысты барлық қажетті ақпараттар жинақталады", — деді ол.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу үшін кеңесте азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға шақыру туралы шешім қабылданды.  Профилактиканы және ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы аталып өтілді

Тағы оқыңыз