• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Сенат төрағасы: Жаһандану дәуіріндегі негізгі мақсаттардың бірі – ұлттық бірегейлігімізді сақтау

Фото:Егемен Казакстан

Алматы. 30  наурыз. Ақпараттар орталығы  -  Сенатта «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Сенат төрағасы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселесіне Мемлекет басшысы баса мән беріп отырғанын және Президентіміз өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы тақырыпқа тоқталғанын айтты.

Мәулен Әшімбаев жаһандану жағдайында өзімізге пайдалы әлемдік үрдістерді төл мазмұнмен байыту керектігіне, бұл ретте «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренудің» маңызы зор екеніне назар аударды. Сондай-ақ, ол жаһандану өзіміздің жақсы тұстарымызды әлемге танытуға зор мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

«Жаһандану процесіне түрлі үрдістерге ілесу ғана емес, өзіміздің озық қасиеттерімізді және жетістіктерімізді әлемге таныту мүмкіндігі деп қарауымыз керек. Халқымыз ғасырлар бойы өзінің қайталанбас мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін қалыптастырды. Біз оларды сақтап қана қоймай, әлемдік мәдениеттің үздік үлгілеріне айналдыруымыз керек. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осындай идеяларға табан тірейді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы ұлттық құндылықтардың аясы кең екенін, қастерлі тәуелсіздік пен қасиетті жеріміз солардың ең бастысы саналатынын да тілге тиек етті. Тіліміз, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз қайталанбас ерекшеліктеріміз екенін айтқан Мәулен Әшімбаев адами құндылықтарға, хакім Абайдың өсиетіне кеңірек тоқталды. Соның ішінде ақынның «Толық адам» тұжырымдамасындағы нұрлы ақыл, жылы жүрек және ыстық қайратқа табан тірей отырып, қоғамда дұрыс құндылықтар қалыптастырудың маңызы зор екенін айтты. «Толық адам» туралы Президентіміз «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтқаны белгілі. Шын мәнінде, біз нұрлы ақыл аясында қоғамда білім культін қалыптастыруымыз қажет. Соның ішінде өмір бойы білім алу дағдысын негізгі қағидатқа айналдырғанымыз жөн. Сондай-ақ, өзара сенім, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты құндылықтарды кеңінен дәріптеген абзал. Оның бәрі Абай айтқан жылы жүректен бастау алады. Қоғамда сенім болған жерде адами қарым-қатынастың нығаюымен қатар, экономика да дамиды деген заңдылық бар. Ақын өсиет еткен ыстық қайратқа талап пен еңбекқорлық секілді қасиеттер жатады. Мұның бәрі жаңа заманда ұлттық ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналуы қажет», – деген Сенат төрағасы

Мемлекет басшысының жаңғыру бағдарын кешенді әрі жүйелі түрде іске асыру үшін осындай идеологиялық құндылықтарды нығайтып алу керектігін айтты. Палата спикері ұлттық құндылықтарды дұрыс дәріптеу аса маңызды екеніне назар аударып, бұл ретте негізгі салмақ білім беру саласына түсетінін жеткізді. Соған сәйкес, бала адамдық әліппесін ата-анасымен қатар мектептен де үйреніп, білім мекемелері жанашыр, адал, жауапты, еңбекқор болуды ерте жастан баланың бойына сіңіруге тиіс екенін атап өтті. «Ол үшін оқу бағдарламасына ұлттық құндылықтарды дәріптеу сабақтарын қосып, оны жаңаша жасақтау мәселесін қараған жөн болар еді. Сондай-ақ, бұл мәселеде интеллигенцияның алатын орны ерекше. Алдыңғы аға буын осы бағыттағы миссиясына адалдық танытып, әрдайым ұлтымыздың үні, қорғаушысы болып келеді. Ендігі кезекте, елімізде зиялы қауымның жаңа буынын қалыптастыруды өзекті мәселелердің бірі деп есептейміз. Олар ХХІ ғасырда ұлттық құндылықтарды сақтаушы және насихаттаушы болуы керек», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Майя Бекбаева және тағы басқа азаматтар сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын кеңірек баяндады. Тыңдаудың қорытындысы бойынша арнайы Ұсынымдардың жобасы дайындалды. Соған сәйкес сенаторлар тіл саясаты жөніндегі қолданыстағы бағдарламалық құжаттарға толықтырулар енгізуді ұсынып отыр. Соның аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар мен мекемелерде және мектепке дейінгі білім ордаларында мемлекеттік тілді толыққанды қолдану ұсынылған. Одан бөлек, Ұсынымдарда шекаралық аймақтарды өркендету үшін ішкі көші-қон мәселесін реттейтін және осы аймақтарға қандастардың қоныстануын қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама әзірлеу, төл әдебиетімізді дамыту мақсатымен қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңға әдебиетті, оның ішінде балалар әдебиетін қолдауға арналған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, интернеттегі адам санасын улайтын зорлық-зомбылық, рухани құлдырауға дәріптейтін ақпараттарға тосқауыл қоюдың озық технологиялары мен механизмдерін, сондай-ақ, кибербуллингтен қорғауға қатысты мәселелерді зерделеуді, осы бағытта арнайы тетіктер дайындау, отбасы институтының жауапкершілігін күшейту сияқты бірқатар нақты ұсыныстар қамтылған. Аталған ұсынымдар барлық қатысушының ұсыныс-пікірлері негізінде тағы да толықтырылып, Үкіметке және тиісті министрліктерге жіберіледі. Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, министрліктер мен мемлекеттік органдардың басшылары, ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ өңірлерден бірқатар қоғам қайраткері бейне байланыс арқылы қосылды. Парламенттік тыңдауды Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Нариман Төреғалиев жүргізді.

Источник: Хабар 24

ru Мажилис принял во втором чтении Цифровой кодекс и пакет сопутствующих

ru В Жетысуском районе Алматы пресекли незаконную работу «коптящих» шашлычных

ru Глава государства поздравил чемпиона мира по таеквондо Бейбарыса Каблана

ru Разработана игра, обучающая казахскому языку

ru Инвестиции в туризм в Атырауской области выросли в два раза

ru Землетрясение произошло в Алматы

ru Цифровой путевой лист – новая система, отвечающая ритму мегаполиса

ru С начала года за вандализм в столице наказано около 3

ru “Умные” дроны патрулируют ночной Шымкент

ru Фонд ОПЕК инвестировал свыше $1,4 млрд в страны Центральной Азии

ru В Караганде домофоны помогут полиции выявлять преступников

ru Мнения казахстанцев будут учтены при отборе кандидатов на судейские должности

ru Глава государства провел совещание по развитию региональных грузовых авиахабов

ru Военнослужащие призыва «Осень-2024» получили более тысячи образовательных грантов

ru Объемы закупа казахстанских лекарств выросли до 170 млрд тенге

ru В области Абай оштрафованы 9 предпринимателей за обман потребителей

ru В Кендирли в Мангистауской области продолжается строительство нового аэропорта

ru Факт интернет-мошенничества с VIP SIM-картами раскрыт в столице

ru Глава государства принял председателя правления АО «Самрук-Казына» Нурлана Жакупова

ru В Исламабаде обсудили итоги 8-го Съезда лидеров мировых и традиционных

ru МВД усилило контроль за законным оборотом прекурсоров

ru АФМ в Астане расследует хищения при продаже недвижимости в ЖК

ru В Павлодаре 19 должностных лиц привлечены к административной ответственности за

ru Увеличится количество мест отдыха в Кызылординской области

ru Более 246 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС с начала

ru Профилактика бытового насилия: в Астане прошел особенный челлендж

ru ИИ могут начать применять при определении степени инвалидности

ru Казахстанские ученые стали авторами мирового научного открытия

ru ВАП завершила аудит АО «Самрук-Қазына»

ru Денежные переводы в сфере наркооборота: МВД выявило 10 дропперов