• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Талғарлықтар өзен бойын қазбалау жұмыстарын доғаруды талап етті

Фото:Хабар 24

Алматы. 1 қазан. Ақпараттар орталығы - Талғар қаласының тұрғындары шаңға тұншығып, түн ұйқымыз төрт бөлінеді деп шу көтерді, деп хабарлайды Хабар 24.

Дау қаланы қақ жарып тұрған өзен бойындағы қазба жұмыстарынан шықты. Жергілікті халық карьер жұмысын тоқтатуды талап етеді. Өйткені «өзен жағалауы тереңдеп, жақын маңдағы үйлер су астында қала ма» деп қауіптенеді.  Тау етегінде орналасқан Талғардың табиғатына тамсанатындар көп. Бірақ жергілікті тұрғындар таза ауа жұтып жүргеніміз шамалы дейді. Әсіресе өзен бойында тұратын халық шаң жұтқанымыз аздай, тарсылдаған дауыстан да әбден мезі болдық дейді. Сонау 2000 жылдардың басынан бері Талғар өзені аңғарынан қиыршық тас, құм және балшық сазды қазу жұмыстары әлі де тоқтар емес. Жағалаудың тереңдеп кеткені соншалық су құбырлары жер бетіне шығып қалған. Нәтижесінде осы жазда көптеген үй ауыз сусыз қалған.

Айман Жарылқасымова, Талғар қаласының тұрғыны: - Бұл карьердің зардабын осы маңдағы үйлер ғана емес, бүкіл қала тұрғындары тартып отыр. Мысалы, 2015 жылы үлкен көшкін болды. Сол кезде жағалаудың бәрін шайып кетті. Сусыз отырдық. Құбырларға зақым келген соң судың қысымы да төмендеп кетті. Ал оны қалпына келтіру үшін әкімдіктен қыруар қаржы бөлініпті. Олар қанша жасағанымен жауын болғанда бәрібір ағызып кетеді.

Біләл Рүстемов, Талғар қаласының тұрғыны: - 27 жылдан бері осы Ломоносованың бойында тұрамын. Біз келген жылдары осы Талгарканың тереңдігі 20 метрдей болған. Қазір одан бері уже 40 метрден төмен түсіп кетті.  Жолдың бергі шетінде кәдімгідей балалар ойнайтын футбольный площадка болған. Бәрін  су алып кетті. Биыл қайта құрғақ болып жауын жауған жоқ. Әйтпесе жауын жауған сайын 2-3 метрден құлайды жар.

Қазу жұмыстары түн ортасына дейін жалғасып, кейде ұйықтау мүмкін емес екен. Дәл қазіргі таңда өзен жағалауында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жалғыз зауыт бар десек, сол «Береке Тас» ЖШС-нің басшысымен де тілдесіп қайттық.

Қайыр Мейірбеков, «Береке Тас» ЖШС директоры: -  Ондай жағдайлар анда-санда болады. Өйткені мына жерде енді бізде темірмен тас үгіту деген оңай емес. Кей кезде сынып қалады. Мына жерде тұрып қалған адамдар болады. Олар көліктерін қойып қояды да алып кете алмай тосып қалады. Сосын солардың өтініші бойынша жөнделген кезде ары қарай жасап соларды жіберіп береміз. Біз заң аясында жұмыс істеп жатырмыз, дейді  зауыт басшысы.

Мұнда әкімшіліктен бастап, барлық жауапты саланың мамандары келіп жаз айында бір емес, екі рет тексеру жұмыстарын жүргізген. Келісім-шарт бойынша енді үш жылдан кейін ғана қазу жұмыстарын тоқтатамыз дейді.

Ермек Толқынов, Талғар ауданы әкімінің орынбасары: - Талғар қаласындағы Талғар өзенінің бойында екі көпір жоғарғы және төменгі көпір деп аталады. Сол екі көпірдің арасында екі карьер өз жұмысын жүргізген. Олар Алтын дала ЖШС ол бүгінгі таңда жабылып өзінің жұмысын тоқтатты. Екінші «Береке тас» ЖШС. Ол жерде осы уақытқа дейін шаңға, тозаңға тексеру жұмыстары жүргізілген. Нормаларынан ауытқу болмаған. Сосын дыбысқа, шуға да бірқатар жұмыстар жүргізілген. Ол жерде де нормадан асу анықталмаған. 

«Қазгидроспас» мамандарының айтуынша, болашақта құбырлар жаңартылып, диаметрі 426 миллиметр болатын қосымша құбырларды өткіземіз. Сол кезде су тапшылығы болмайды деп отыр. Ал тұрғындардың талабы қазу жұмыстарын тезірек тоқтатып, жергілікті билік халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе дейді.

Источник: Хабар 24

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026

ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы

ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования

ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные

ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению

ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну

ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с

ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной

ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы

ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности

ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков

ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан

ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для

ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395

ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области

ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме

ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы

ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области

ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены

ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы

ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области

ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас

ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР