26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жеке мәліметтерді қолданғаны үшін журналистерге жазбаша рұқсат алу міндетті емес - Абаев

16 маусым 2017 Қаралым: 2 917 Саясат,  Қоғам
zakon.kz
Фото: zakon.kz

Алматы. 16 маусым. Ақпараттар орталығы. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметін үйлестіретін заң жобасы күшіне енгенде оларды не күтіп тұрғанын түсіндіріп берді, деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығынан.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасына 250 өзгеріс енгізіледі. Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінен келіп түскен ұсыныстар ескерілген. Қазіргі таңда БАҚ қызметін үйлестіретін заң жобасы ҚР парламенті Мәжілісінде талқылануда.

Ақпарат және коммуникациялар министрі хабарлағандай, заң жобасы іске қосылғаннан кейін журналистер әр адамның жеке мәліметтерін қолдану үшін одан рұқсат алуға міндеттеледі.

"Рұқсат алу - бұл қалыпты нәрсе. Біз оны қалдырдық, нақтыладық. Жазбаша келісім алу міндетті емес, ақпаратты жариялау үшін диктофонға жазып алса да жеткілікті. Жеке мәліметтер бүкіл әлемде қорғалады. Бұл кез келген мемлекеттің конституциясында түрлі деңгейде бекітілген. Бұл қалыпты тәжірибе", — деді ол.

Сондай-ақ, балалардың зорлық-зомбылығы бейнеленген суреттерді жариялауға тыйым салынды.

"Біз журналистердің ақпаратты тексеру үшін бірқатар әрекеттер жасауы керектігіне сенімдіміз. Мысалы, қазір көптеген ақпараттарды тексерусіз әлеуметтік желіден алып, жариялап жатқаны жасырын емес. Біз бұл ақпаратты жарияламас бұрын, алдымен қоңырау шалып, нақтылау қажет деп есептейміз», - деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев айтып кеткендей, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның атауы да өзгертілуі мүмкін.  Оның пікірінше, бұл билік пен қоғам арасындағы біржақты қарым-қатынасты білдіретін ескі түсінік. 

"Бұқаралық коммуникация заңы туралы ойлану керек», - деп түйді ол сөзін. 

Тағы оқыңыз