Аңыз болған Алматы ипподромы азып барады
30 Сентября 2021
1545
Социум
Алматы. 30 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Алматы ипподромы азып барады. Бұл кәсіби ат мамандары – шабандоздар, жаттықтырушылар мен атбегілердің жанайқайы, деп хабарлайды Хабар 24.
Арнамызға хабарласқан олар сәулет ескерткіштері тізіміне енген нысанның жөндеу көрмей, тозып бара жатқанын айтып шағымданды. Ипподром қазір жеке меншіктің қолында. Өткен ғасырдың 30 жылдары салынған ипподромның дәуірлеген шағы кеңес заманында, – дейді көзкөргендер. Тіпті, Ұлы Отан соғысы кезінде де жұмысын тоқтатпай, атты жасақ құру үшін майданға жылқыларды жіберіп тұрған. Әлемдік стандарттарға сай салынған нысанда талай рет дүркіреген ат жарысы өтіп, 100-ден аса рекорд тіркелген. Ал 90-шы жылдары ипподром мемлекеттік қазынадан шеттетіліп, содан бері басынан бағы тайды. Тіпті, 2015 жылы сатылымға қойылып, орнына көп қабатты тұрғын үй салынатын болған. Алайда, атбегілер қарсы шығып, ипподромды сақтап қалыпты. Енді, міне, ат баптауға арналған жалғыз нысан көз алдымызда жойылып барады, – дейді атбегілер.
Талғат Жайсаңбай, Заводтық жылқы тұқымдары бойынша республикалық палатаның жетекшісі: – 2014 жылдан бері аумақта ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Біз айына бір атқа арналған 10 шаршы метрлік орынға 30 000 теңге төлейміз. Бұл баға - қаладағы адам отырып жұмыс істейтін офисті жалға беру бағасымен бірдей. Қорада ештеңе жоқ, тіпті су жүргізілмеген, тек электр жарығы бар, болды. Басында ипподром қожайыны жалға төленетін қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, айнала тазаланады деген. Қазір көрсеңіз, аумақта антисанитария, атты баптауға ешқандай жағдай жасалмаған.
Ержан Ақтасов, атбегі: – Шетелде аттардың барлығы жақсы ипподромда дайындалады. Біздің ипподром оған сәйкес келмейді. Бізге жақсы жарыс жолақтары керек. Бәйге аттар сияқты тырмалай салып, шабатын жолақтар керек емес. Атқа ыңғайлы, жұмсақ болу үшін суға да өзіміз төлеп жатырмыз.
40 гектарды алып жатқан ипподромда бұрын 500 орындық ат қора, ветеринарлық емхана, аттарға арналған бассейн, шеберхана, атбегілік музей болған, - дейді мамандар. Қазір содан қалғаны ат спорты мектебі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ипотерапия пункті, ат жабдығы дүкені ғана. Айтпақшы, олар да ипподром аумағын жалға алушылар. Ал, бір маусымда мұнда жарыстарға арналған 200-ге жуық жылқы үйретіледі. Бір ат үшін айына 30 мың теңге алып отырған ипподром қожайынның табысын есептеу қиын емес. Сөйте тұра, бірегей нысанды күтіп ұстауға құлықсыз.
Юрий Кищенко, Алматы ипподромының атқарушы директоры: – Ипподром біздің меншігімізге өткенде, өте қатты тозып кеткен болатын. Жарыстар мүлде тоқтаған еді. Біз ипподромды қайта ашқанда жалға алушылар ат қораларды өз қаражаттарына жөндеп қалпына келтірді. Бірақ олар мұны өз келісімдерімен жасады. Өздері осы жағдайға дайын болды. Себебі, ат баптаумен тек фанаттар ғана айналысады.
Бұл Алматыдағы жалғыз кәсіби ипподром. Қожайынның
емеурінінен түсінгеніміз, жылқыны жаны сүйетін бапкерлердің басқа барар жері
жоқ. Сондықтан, олар барға қанағат етсін дегенді меңзеді. Ал ат қораларды,
жарыс жолақтарын түсірейік дегенімізде, ипподром басшысы күзетшісін шақырып,
бізді кабинетінен «мәдениетті» түрде қуып шықты. 2019 жылы Алматы ипподромы
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне
енгізілді. Бірегей нысанның неліктен лайықты күтім көрмей, жекенің қолында
тозып бара жатыр деген сауалымызды қалалық мәдениет басқармасы жауапсыз
қалдырды.
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине
ru Почему Казахстан не стал платить миллиард долларов за вступление в
ru В 2025 году казахстанцам выплачено пенсий на сумму 4 трлн
ru В Карагандинской области расширяют систему распознавания лиц для розыска преступников
ru Бухту Бертыс на озере Балхаш очистили от 6 километров браконьерских
ru Тепличный комплекс стоимостью 69 млрд тенге построит Fabe Polska в
ru В борьбе со снегом в Астане задействовано более 1300 единиц
ru Нелегалы-казахстанцы могут добровольно покинуть Южную Корею до конца февраля
ru Предстоящие конституционные реформы в Казахстане получили высокую оценку Председателя Парламентской
ru Более трех миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала
ru Казахстан наращивает экспорт продукции глубокой переработки пшеницы
ru В Национальной гвардии представили новую социальную льготу
ru Спасатели оказали помощь туристу в Алматинской области
ru Столичные спасатели при пожаре в столичном ЖК эвакуировали 30 человек
ru Профилактическую работу с водителями автобусов провели полицейские в Талдыкоргане
ru Более 608 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru Нацбанк выпустил коллекционную монету Zn из серии «Недра Казахстана»
ru Перевалка зерна через Ак Бидай-Терминал увеличилась на 72%
ru Токаев совершит рабочую поезду в Давос
ru Более 12 тыс. актуальных навыков доступно в Цифровом банке навыков
ru В Астане студенты и школьники объединились для производства парфюма
ru За ночь из Астаны вывезли более 23 тысяч кубометров снега
ru Казахстан переходит к системному управлению несырьевым экспортом
ru Казахстан и США обсудили перспективы сотрудничества в агропромышленном комплексе
ru Отходы превращаются в доходы: как жители страны могут зарабатывать, не

+77772555856
Написать нам




